«Мерзімінде жеткізу»: Қарағандылық «Еңбек» бағдарламасының көмегімен өз бизнесін дамытуда

«Мерзімінде жеткізу»: Қарағандылық «Еңбек» бағдарламасының көмегімен өз бизнесін дамытуда

Қарағанды тұрғыны Владимир Евдошенко «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын пайдаланып, жүк тасымалдау қызметін дамытуда.

Владимир өз ісін шағын бизнестен бастады. Алдымен ол пазикте жолаушылар тасымалымен айналысты. «Еңбек» бағдарламасы туралы білген соң, мемлекеттік қолдауды пайдалануға бел буды. Төмен пайыздық несие мөлшерлемесі арқасында ол ішкі және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын алғашқы жүк тіркемесін сатып алды. Уақыт өте келе оның автопаркі жүк көліктерімен және жартылай тіркемелермен толықтырылды. Қазір оның компаниясында Renault, Mercedes-Benz және Volvo маркалы ершікті тартқыштар бар. Ол Қазақстан, ТМД және Еуропа елдері бойынша жүк тасымалдаумен айналысады.

— Біз жемістер, мұздатылған балық, ет, көшеттер сияқты әртүрлі жүкті тасымалдаймыз. Біз үшін ең бастысы — жүкті температуралық режимді сақтай отырып және мерзімінде жеткізу. Италия, Бельгия, Польша, Голландия және басқа да елдерден Қарағандыға жиі жеткіземіз, — деді Владимир.

Кәсіпкер жуырда өзінің автопаркін ұлғайтпақ ниеті бар.

Қарағанды облысы бойынша «Даму» КДҚ» АҚ өңірлік филиалының ақпараты бойынша