
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтас ауылындағы Жақып Ақбаев атындағы мектепте «Жақып Ақбай мектебі» атты тарихи жинақтың тұсаукесері өтті. Кітап ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, ғалым, тарихшы, заңгер және этнограф Жақып Ақбаевтың 145 жылдығына орай жарық көрді.
Авторы – Қайрат Әзіров, жинақты құрастырушылар – Айбаршын Бейсенбекова және Гүлден Ерубаева.
– Бұл кітап біздің мектебіміз, Жақып Ақбаевтың өмірі мен қызметі туралы сыр шертеді. Әзірге 30 жинақ жарық көрді. Бір данасы мектеп мұражайында қойылып, тағы біреуі ауылдық кітапханаға берілді. Қалғандарын біз оқушылар мен қонақтарға тараттық. Болашақта жинақты толықтыруды жоспарлап отырмыз, – дейді Айбаршын Бейсенбекова.