Кішкентай қарағандылықтарды «Кукляндия» халықаралық театр фестиваліне шақырады

Кішкентай қарағандылықтарды «Кукляндия» халықаралық театр фестиваліне шақырады

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры үшінші рет «Кукляндия» қуыршақ театрларының ашық фестивалін өткізуде. 30 қарашадан 2 желтоқсан аралығында Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь елдерінің алты театры өз спектакльдерін көрсетеді.

Театр қойылымдары ең кішкентай көрермендерге – 8 жасқа дейін қызықты болады. Спектакльдер қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Киев академиялық қуыршақ театрының «Мэри Поппинс» мюзиклі украин тілінде орындалады.

– Көрермендер жақсы театр ұжымдарының керемет ертегілерін көреді. Барлық аталған театрлар Қарағандыға алғаш рет келеді. Бұл жолы жарыстық сәт болмайды. Біз жеңімпаздарды анықтамаймыз, тек спектакльдерден ләззат аламыз. Сонымен қатар, балалар театрларын дамыту мәселелерін талқылайтын дөңгелек үстелдер өтеді, – деді музкомедия театрының директоры Амантай Ибраев.

Фестиваль қатысушылары үшін мастер-кластар да жоспарланған. Киев ұлттық театр, кино және теледидар университетінің «Қуыршақ театры өнері» кафедрасының доценті Руслан Неупокоев театр маскасымен қалай жұмыс істеу керектігін әңгімелеп береді. Ивановский облысының актрисасы және құрметті мәдениет қызметкері Наталья Громова «Как сделать тёплый спектакль из шерсти» атты семинар өткізеді.

Билеттерді сатып алу мәселелері бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады: (8-7212) 41-06-50, 41-01-37.