Қарағандылықтарға дәрігерлер тегін кеңес берді

Қарағандылықтарға дәрігерлер тегін кеңес берді

Бүгін, 19 маусымда "Таир" сауда үйінде қарағандылықтар дәрігердің тегін кеңесін ала алады. "Біздің таңдауымыз – денсаулық!" акциясы аясында мамандар қала тұрғындарын қабылдайды. Келушілерге жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, педиатрлар, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану бойынша мамандар кеңес береді. Мұнда адамдар қан қысымын, салмағын, бойын, қант пен холестеринін тегін өлшете алады. Қабылдауды "Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы" ЖҚБ қолдауымен № 1, №3 және №4 емханалардың дәрігерлері жүргізеді.
Акция аясында қарағандылықтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы баяндалады.
Іс-шара 15:00-ге дейін жалғасады. Дәрігерлер сауда үйінің сахнасы алдында алаңда қабылдау жүргізеді.
"Біздің таңдауымыз - денсаулық" акциясы бүгін Қарағанды облысының басқа да қалаларында ұйымдастырылды.
Саран қаласы, "Оптимо" супермаркетінде, Балқаш, "Зерде" сауда үйінде, Теміртау, "Аян" супермаркетінде, Жезқазғанда "Панацея" базарында, Абай қаласында "Мерей" базарында өтуде.