Арнайы жабдықталған фургон Қарағандыдан «Медицина жаныңызда» акциясы аясында аттанды. Оның мақсаты - шалғай ауыл тұрғындарына дәрігер мамандардың кеңесін алуға мүмкіндік беру болып табылады. Дәрігерлер Жаңаарқа ауданының 14 елді мекеніне барады деп жоспарлануда.
Фургонның ішінде жеке дәрігерлік кабинеттер, сондай-ақ экспресс-зертхана және флюорографиялық қондырғы орналасқан.
Балалар мен ересектерді терапевт, педиатр, хирург, тіс дәрігері, УДЗ, акушер-гинеколог, окулист қарап, кеңес береді. Жылжымалы емханада ЭКГ-медбике, рентген-зертханашы, клиникалық зертханашы жұмыс істейтін болады. Келушілер сондай-ақ жатыр мойны обырын, қанайналым жүйесі ауруларын, қант диабетін, глаукоманы анықтау үшін скринингтен өте алады. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына міндетті медициналық сақтандыру туралы толық ақпарат беріледі.
Акция 19 шілдеге дейін жалғасады.