
Қарағанды облысында жыл басынан бері айыр безін алып тастау бойынша бес операция жасалды. Оларды медициналық сақтандыру қоры төледі.
Мұндай шұғыл араласу дәрі-дәрмекпен емдеуге болмайтын айыр безінің патологиясы кезінде тағайындалады. Мысалы, созылмалы аутоиммундық ауру – миастения (бұлшықет әлсіздігі) кезінде. Ауру бұлшықет тонусын, оның ішінде көз, тыныс алу және сөйлеуге жауап беретін бұлшықеттердің тонусын төмендетеді.
Бір операцияның құны 600 мың теңгеден асады. Бірақ оны сақтандырылған науқастар үшін медициналық сақтандыру қоры төлейді.
Жақында мұндай операция 18 жастағы науқасқа жасалды. Ота Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында өтті. Қыз миастениямен екі жыл өмір сүрді, ауру бұлшықеттің қатты әлсіздігінде, қабақтың түсуінде көрінді. Дәрі-дәрмектер көмектеспеді.
– Операция бір жарым сағатқа созылды. Айыр безі торакоскопиялық әдіспен, яғни үлкен кесусіз, кеуде қуысын үш жерден тесу арқылы алынып тасталды. Ең үлкен тесік 2 см-ге дейін, қалғандары 0,5 см. Енді науқас емдеу және қалпына келтіру курсынан өтуде. Аурудың белгілері безді алып тастағаннан кейін үш жыл ішінде кетеді, – деп атап өтті жоғары санатты хирург Аманжол Темірбаев.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша