Қарағанды облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Қарағанды облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Қарағанды облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Бүгінде оны 1758 түлек тапсырады. Оның 99-ы "Алтын белгі" және 83-і Үздік аттестат иегерлері.
ҰБТ нәтижелері бүгін белгілі болады, шамамен сағат 18.00-де. Оларды http://edu.gov.kz/ білім министрлігі сайтынан, @edugovkz.bot телеграмм-бот арқылы немесе баллдары бар кестелер ілінетін тапсыру орындарында білуге болады.
Өңірде тестілеу өткізу үшін 15 пункт дайындалды. Онда 122 кабинет, оның ішінде 19 резервтік кабинет орналасқан. Барлығы желдеткіштермен және ауа салқындатқыш құрылғылармен жабдықталған.
Қарағанды облысында ҰБТ үшін арнайы 200 бейнебақылау камерасы, 123 ұялы байланысты басатын құрылғылар және 50 металл іздегіш дайындалды, оның 18-і арка күйіндегі жабдық.
Ата-аналар мен бақылаушылар үшін тестілеу пункттеріндегі онлайн-бейне таралылым ұйымдастырылды.
Қарағанды облысында ҰБТ тапсыруға 5 380 түлек өтініш берді.
Өңірімізде ҰБТ 21-30 маусым аралығында өтеді.