Қарағандыда үздік мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

Қарағандыда үздік мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов әріптестерін мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады. Үздіктердің үздігі төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Салтанатты шара Достық үйінде өтті.
- Мемлекеттік қызметші болу – үлкен еңбек және ерекше жауапкершілік. Біздің міндетіміз - азаматтарымыздың жайлы өмірі мен жемісті жұмысы үшін жағдай жасау. Ел Президенті билікке деген сенім біздің әрқайсымыздан, тұрғындармен ашық диалогтан басталатынын айтады. Біз бұл диалогты күн сайын құруымыз қажет. Біз үшін болмашы проблемалар деген болмауы керек. Барлық өзекті мәселелерді біз уақтылы және толық шешетін болсақ, адамдар оның шешімін басқа жерден іздемейді. Мемлекеттік қызметке адалдықтарыңыз бен ерен еңбектеріңіз үшін сіздерге рахмет, - деді Ерлан Қошанов өзінің құттықтау сөзінде.
Салтанатты рәсім кезінде екі жас мемлекеттік қызметкер ант қабылдады. Екеуі де бірінші рет әкімшілік лауазымға тағайындалып, сынақ мерзімінен сәтті өтті. Лашын Төлеу Жаңаарқа ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы болды. Артем Ким енді Қаражал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарады.
Облыс әкімінің грамотасы осы жылы қызметте ерекше еңбек еткен мемлекеттік қызметкерлерге табыс етілді. Марапатталғандардың арасында - Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов болды. Ол «Мемлекеттік қызмет үздігі» төс белгісінің иегері атанды.
Мақсұт Оспанов 33 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Әр салада еңбек еткен, Соңғы 10 жылда Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
- Біздің жұмысымыз еленіп жатқанына өте қуаныштымыз. Мен үшін бұл күтпеген жағдай болды. Менің жұмысымды жоғары бағалағаны үшін өте ризамын, алғысымды айтамын, - дейді Мақсұт Оспанов.
Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 7000 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Олардың 3100-жастар.
Мемлекеттік қызметші күні Қазақстанда 2014 жылдың 23 маусымынан бастап ресми түрде тойланады.
Тұңғыш Президент Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Халыққа қызмет ету бәрінен жоғары болуы тиіс екенін атап өтіп, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлді. Кадрларды кәсібилендіру және қызметшілердің өзіндік дамуын жоғарылату туралы Елбасы өз сөзінде айтып өткен болатын.