Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін трансляциялау бойынша ең көлемді іс-шара аясында Ақтоғай ауданының территориясында «Ұлы дала мұрагерлері» республикалық форумының 2-кезеңі өткізілді.
2019 жылдың 31 мамыр мен 5 маусым аралығында Қазақстанның 100 киелі орындарының бірі Бектауата тау шатқалында, қала сыртындағы «Факел» маусымдық балалар сауықтыру лагерінің диалогтік шығармашылық алаңдарында Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернат» КММ, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты»КММ, «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ келген 300-ден астам оқушы мен 120 педагогтің кездесуі болды.
Ақтоғай ауданының ауылдық педагогтері мен оқушылары өздерінің қалалық құрдастары мен әріптестерін туған жерлерінде үлкен қонақжайлылықпен қарсы алды. Бұл кешенді инновациялық-білім беру іс-шарасы НЗМ іс-тәжірибесін трнсляциялау шеңберінде мектептер арасындағы байланысты кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған болатын. Бұл Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (Якупов Р.М.) мен Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ (Тукбаева А.Б.) арасында бекітілген меморандум аясындағы педагогикалық әріптестіктің кезекті сәтті нәтижесі болды.
Форумның 2-кезегінің аясында:
• керемет спорттық-бұқаралық ойындар, ұлттық ойындар: тоғыз кұмалақ, асық ату, арқан тарту, бес тас, қазақша күрес, қол күрес; «Күш-бірлікте!», командалар қалыптастыру бойынша тимбилдинг, «Алға ұмтылу сәті» психологиялық оңтайланған ойындар, квест-ойындар, алыс және орташа қашықтыққа туристік жаяу және вело-саяхаттар; спорттық-туристік бекеттер: палаткалар қою, алау жағу, тауға шығу;
• әлеуметтік практикалар аясындағы зияткерлік жарыстар: Стартап-жобалар, 2 апта ауылда, Дебаттар клубы, ЮНЕСКО клубы, 100 қазақ әні, 100 күй, READx, TEDx, Қоғамға қызмет ету, STEM – жобалар;
• танымдық практика - қазақ дастарханының құпиялары: бидайдан ұн жасаудан дәмді бауырсақ дайындауға дейін; самауырын қойып, тәтті шай ішуге дейін; киіз үй құру, безендіру және жинау бойынша «Киіз үй - қазақтардың кішігірім әлемі» жобасы;
• шаруашылық қожалықтарына бару - табиғи шаруашылықпен, ауыл өмірімен таныстыру: жылқы, ірі қара, қой малын бағудан экологиялық таза және тіл үйіртерлік дәмді ауылшаруашылық тағамдарын дайындау үдерістерімен, ұлттық рәсімдермен танысу;
• қазақ халқының қолөнер түрлерімен тансытыру: көне кәсіптер технологиясымен, ағаш өңдеу, ши тоқу, киіз басу - жіп иіруден текемет тоқуға дейін; тас диірмендер - бидайдан ұн жасау үдерісі, қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу: талқан, жент, қуырылған бидай және т.б.;
• сұңқармен аң аулауды көрсету, көне ғұрып - құсбегілік өнерімен тансытыру; дәстүрлі садақпен ату өнері, садақшылық – садақ жасау және мергендік өнерінің қыр-сыры, көздеп ату сабағы сынды сан алуан шаралар өткізілді.
Барлық диалогтік шығармашылық алаңдар өскелең ұрпақтың оңтайлы дамуына жағдай жасауға, еліміздің оқу орындарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АББҰ іс-тәжірибесін насихаттауға, адами капиталды жақсартуға бағытталған жаңа модель ерекшеліктерін көрсетуге көмекті. Бұл - біздің ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған Ұлы даланың рухани құндылықтарын, салт-дәстүрлері мен ұлттық болмысын жалғастырудың сындарлы бағыты.
Осы көлемді іс-шараның қисынды жалғасы Нұр-Сұлтан қаласының "Alumni Nazarbayev Intellectual Schools" Қоғамдық ұйымымен тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған көшпелі жазғы мектеп болып табылады. Жобаға «Факел» ҚМБСЛ-ң демалушылары (5-9-сынып оқушылары) қатысады, олар жазғы демалыстарын әр алуан пәндік саладағы белсенді сабақтармен ұштастыратын болады. Бұл істе оларға жоба волонтерлары, Назарбаев зияткерлік мектептерінің жаңа бастамалар мен ұсыныстарға ұмтылған түлектері мен оқушылары, көмекке келеді. Олар бір апта бойы түрлі эксперименттер, пікірталастар, лабораториялық жұмыстар мен 4 бағыт бойынша сабақтар өткізеді, атап айтқанда: дәлдік ғылымдар (Science), гуманитарлық ғылымдар (Liberal arts), көптілділік, тұлғалық даму (Personal Development Module). Балалар ауылдық құрбыларына өз қолдаулары мен көмектерін көрсетеді, беделді оқу орындарына түсуге дайындалу бойынша құнды кеңестерін беріп, Назарбаев зияткерлік мектептері мен университетінде білім алу шарттары туралы ойларымен бөліседі.
Осындай инновациялық жобаларды жүзеге асыру - білімді ұлттың дәлелі, бұл - барлығына бірдей заманауи білім беру стандарттары, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы шекараны жою, бәріне ортақ білім беру сапасы мен инновациясының қолжетімділігі!
«Ақжелкен» Жастардың
баспасөз орталығы
Шашубай кенті Ақтоғай ауданы
Қарағанды облысы