Қарағанды облысның кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан бизнеске қолдау көрсететін құралдар жайлы айтылды

Қарағанды облысның кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан бизнеске қолдау көрсететін құралдар жайлы айтылды

"Атамекен" өкілдері, кәсіпкерлік басқармасының қызметкерлері және екінші деңгейлі банктердің мамандары "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамыту, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, "Еңбек" және "қарапайым заттар экономикасы" аясында жеңілдікпен кредит беру шарттары бойынша барлық тілек білдірушілерге кеңес берді.
Бизнес-кездесуге барлық облыстан 200-ге жуық қатысушы жиналды.
Тыңдаушылар әсіресе "қарапайым заттар экономикасын" дамыту жаңа бағдарламасының тұсаукесеріне ерекше қызығушылық танытты. Бағдарлама Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады. Оның мақсаты-халық тұтынатын тауарлар, шикізат пен алғашқы өңдеу өнімдерінің өндірісін қолдау. Жеңілдікті несиелер өңдеу саласындағы, атап айтқанда жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ жиһаз, құрылыс материалдары мен АӨК саласындағы жобаларға беріледі. Өңдеуші өнеркәсіптерге ерекше назар аударылды, оны дамытуға 400 млрд теңге бағытталды.
- Осы бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер палатасы алаңында жобалық кеңсе құрылды. Қайта өңдеу саласында несие бойынша мөлшерлеме 8-ден 6 пайызға дейін төмендеді. Жеңілдетілген несие мерзімі несие мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін ұзартылды, яғни несие 7 жылға алынса, демалыс 2 жылға 1 айға дейін беріледі. Несие беру бойынша 23 қосымша қызмет түрі ұсынылды. Бүгінгі таңда Қарағанды облысы бойынша 2,1 млрд теңгені құрайтын екі жоба банктер тарапынан мақұлданды. Ол Қарағандыда көтерме-тарату орталығының және Балқаш қонақ үйінің құрылысы. Механизмнің артықшылығы шағын және орта кәсіпкерлікке ғана емес, ірі бизнеске де қолдау көрсетілуінде. Бұл өз кезегінде ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және халық тұтынатын тауарлар импортын отандық өндірушілердің өнімдерімен алмастыруға жол ашады, – деп түсіндірді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпеисов.
Өңірлік Жобалық кеңсенің функциялары 3 бағыт бойынша кеңейтілді: жеңілдікті несие беру бағдарламасын іске асыру; Жол карталарын іске асыру мәселелері бойынша жобалау тобы: жеңіл, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы; АӨК дамыту мәселелері бойынша жобалау тобы: тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша Жол картасын іске асыру.
Сондай-ақ, өңірде өндірілетін өнімге, сондай-ақ импорт алмастыру бағдарламасы шеңберінде кәсіпорындардың қолда бар әлеуетіне талдау жүргізілді. Қорытынды бойынша азық-түлік, жиһаз, жеңіл және т. б. салаларды қамтитын 508-ден астам компания кірген тізім жасалды.
- Форумға қатысушылар мен бизнес өкілдерін белсендірек болуға, жандануға шақырамын, себебі өңірге бөлінетін қаражат ұсынылған жобаларға байланысты болады, - деп атап өтті Ернар Күлпеисов.
Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкер Қарағанды облысының жобалық кеңсесіне жүгінуі қажет. Қарағанды қ., Ермеков көш., 29, 3-қабат, 316 кабинет, конт. тел.: 8 (7212) 50-64-11, эл.мекен-жайы: e.mahmutov@atameken.kz
Несиелеу механизмі мен шарттары Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының сайтында "қарапайым заттардың экономикасы" бөлімінде толық жазылған.

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша