Шет ауданында қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткіш ашылды

Шет ауданында қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткіш ашылды

Қарағанды облысының Шет ауданында полиция күні қарсаңында полицейлерге арналған Мемориал ашылды.
Салтанатты рәсімге Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов, аудан әкімі Марат Жандәулетов, Шет полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы және аудан тұрғындары қатысты.
- Өз өмірін қиған жерлестеріміздің ерлігі мен батылдығы туралы естелік міндетті түрде кейінгі ұрпаққа берілуі маңызды. Бекетте қаза тапқан қызметкерлердің шексіз жанқиярлығы туралы мәңгілік естелік жастарға үлгі болады, - деді Шет ауданының әкімі Марат Жандәулетов.
Содан кейін полицейлер мемориалға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен және қару-жарақтан оқ атып еске алды.
Полиция күні қарсаңында Шет ауданының тәртіп сақшыларына "Нива" жаңа қызметтік автомбилі табыс етілді. Сонымен қатар ПД-ның бірқатар қызметкерлері аудан әкімінің, ішкі істер министрінің, полиция департаменті бастығының алғыс хаттарын, сондай-ақ кезекті атақтар алды.