
Қарағанды облысы бойынша қазынашылық Департаментінің басшысы Төлепов Ерлан республикалық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байқауда жеңімпаз атанды. Марапаттау рәсімі Бурабай курорттық аймағында жас мемлекеттік қызметкерлер форумында өтті.
- Бүгін елімізде жастарды қолдауға және олардың әлеуетін көтеруге үлкен көңіл бөлінеді. Бұл тренд мемлекеттік қызметте де жүзеге асырылуда, бұл салада 22 мыңнан астам жас жұмыс істейді, - деді форум барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова. - Қазір Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жас басқарушыларды мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлеріне байқаудан тыс жылжыту үшін президенттік кадрлық резервті қалыптастыру мәселесі қарастырылуда. Бұл терең білімі мен жұмыс тәжірибесі бар, прогрессивті және креативті талантты жастарды тарту үшін маңызды қадам.
Форум аясында "Қазақстан Республикасының 2019 жылғы Үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 450-ден астам мемлекеттік қызметкер қатысты. Байқауға қатысушылар атаулы әлеуметтік көмек жүйесін жақсарту, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік субсидиялау, экологияны жақсарту бойынша өз жобаларын ұсынды және басқа да көптеген идеяларын ортаға салды. Форумда ұсынылған жобаларды іске асырылады деп уәде берілді.
"Үздік мемлекеттік қызметші-2019" республикалық байқауының жеңімпаздары қатарына Қарағанды облысы бойынша қазынашылық Департаментінің жетекшісі Ерлан Төлепов ілікті. Ол мемлекеттік қызметте 19 жыл жұмыс істейді.
- Мен осындай байқауға алғаш рет қатысудамын. Ол мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға бағытталған және біз үшін үлкен ынталандыру болып табылады. Мен үшін бұл үлкен сын, өз құзыреттілігі мен дағдыларын тексеруге жақсы мүмкіндік. Менің жобам "Субсидиялау қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру" деп аталады. Бұл өте өзекті тақырып, - деді Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Ерлан Төлепов байқаудың облыстық кезеңінде.
Форум бағдарламасы мазмұнды және танымдық болды. Шараға қатысушылар үшін ТМД елдерінің жетекші бизнес-тренерлерінің , өзгерістер бойынша менеджерлердің, xалықтың азаматтық және еңбек құқықтарын қорғау саласындағы PhD докторларының, өзгерістерді басқару және үздіксіз жетілдіру механизмдерінің қатысуымен тренингтер мен дәрістер ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорттық тимбилдинг өткізілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер үшін қасиетті жерлерге экскурсия, "Ботай-Бурабай" ашық аспан астындағы этнокешенге бару, әртүрлі мәдениет ескерткіштерімен, тарихи және табиғи көрікті жерлермен, мұражайлармен, заманауи объектілермен танысу ұйымдастырылды.