Ашық есік күні Қарағанды облыстық онкологиялық диспансерінде өтеді. Қарағандылықтарға терідегі қал және меңдерді тексеруді ұсынады.
Қабылдауды диспансер маманы Әсел Үйсін мен "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ онкология және сәулелік диагностика кафедрасының меңгерушісі Н. А. Қабылдина жүргізеді. Пациенттерді меланома мен тері обырына дерматоскоппен тексеретін болады.
Дәрігерлер терісінде өзгеретін дақтар, түйіндер немесе жылтыр қалпақтар пайда болған адамдарға келуге кеңес береді. Сондай-ақ, қауыз, қышу, қалдан қан шықса немесе ұлғайған болса, шеттері тегіс емес ісіктерге назар аудару керек.
Тексерістен өтемін деп ниет білдірушілерді 29 маусымда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Кривогуз көшесі, 189 мекен-жайы бойынша облыстық онкологиялық диспансерге шақырады.