Приозерск қаласында суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша "Балқаш-2019" жиын-семинары өтті

Приозерск қаласында суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша "Балқаш-2019" жиын-семинары өтті

Приозерск қаласында алғаш рет "Балқаш-2019" деген атаумен суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жиын-семинар өтті. Оған Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ыбраһым Күлшімбаев, төтенше жағдайлар және зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығының директоры Валерий Петров, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, облыстағы су қоймаларында қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін облыстық басқармалар басшылары қатысты.

ТЖД атап өткендей, семинардың мақсаты судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу жұмыстарын жетілдіру болып табылады.
- Шараны өткізу орны ретінде Приозерск қаласы таңдалды. Мұнда барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін құтқару бөлімшесі орналасқан. Бұл авариялық-құтқару жұмыстарының барлық түрлерін, сондай-ақ құтқарушыларды даярлау бойынша оқу - әдістемелік жиындарды толық көлемде өткізуге мүмкіндік береді, - деді облыс әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев.
Семинарға қатысушылар шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы баяндама жасады. Сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Құтқарушылар су қоймаларында құтқару әдістері мен тәсілдері, эвакуациялық іс-шаралар және өзара іс-қимыл туралы айтып берді.
Соңында Балқаш көлінде Қарағанды облысы құтқарушыларының қарамағындағы жүзу құралдарының: құтқару кемесі, катер және қайықтар шеруі өтті.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша