Ерлан Қошанов облыстағы барлық балалар аттракциондарының қауіпсіздігін тексеруді тапсырды

Ерлан Қошанов облыстағы барлық балалар аттракциондарының қауіпсіздігін тексеруді тапсырды

Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында өңір басшысы Ерлан Қошанов балалар аттракциондары бойынша рейд жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ барлық құдықтардағы қақпақтардың болуын және құрылыс алаңдарын қоршау ережелерінің сақталуын тексеру керектігін тілге тиек етті.
Осындай қауіпсіздік шаралары балалардың жиі жарақат алуына байланысты үдетілуде.
- Жазғы демалыс басталып үлгермей жатып, біз балалардың жарақаттанып, қайғылы оқиғалар орын алып жатқанын естудеміз. Барлық аттракциондардың қауіпсіздігін мұқият тексеруді тапсырамын. Барлық ашық құдықтарды табу және жабу керек. Сондай-ақ, құрылыс және басқа да алаңдардың барлық қоршауларын тексеру қажет, - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар Ерлан Қошанов тексеру қорытындысы туралы оған жақын арада жеке баяндауды тапсырды.