
Қарағанды облысының мемлекеттік құрылыс бақылау басқармасының және экономикалық тергеу департаментінің жаңа басшылары тағайындалды.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын Алмас Сүлейменов басқарды. Ол 1963 жылы Қарағандыда туған. 1986 жылы Қарағанды политехникалық институтында "Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру" мамандығы бойынша жоғары білім алды. Еңбек жолын 1980 жылы "Казглавводстрой" трестінде жұмысшы болып бастады. 1991 жылы Мәскеу "Айтолан" енгізу орталығының қарағандылық өкілдігінің меңгерушісі болды. Мемлекеттік қызметке 2010 жылы "Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" ММ құрылыс бөлімінің техникалық қадағалау секторының меңгерушісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Содан бері Қарағанды және Шахтинск әкімдіктерінің құрылымында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Осы уақытқа дейін энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болды.
Қарағанды облысы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымына Данияр Ақжанов тағайындалды. Ол 1974 жылы туған. Экономист-маркетолог, құқықтану және кеден ісі мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар. 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Екінші жоғары білімді 2001 жылы алды. 2012 жылы Ресей кеден академиясының дипломын алды.
Еңбек жолын 1997 жылы кеден қызметі органдарында бастаған. 2007 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында әр түрлі лауазымдарды атқарды. Қазіргі тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің жедел-іздестіру қызметі департаментінің жедел басқармасының басшысы болды.