
Қарағанды Достық үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған корей мәдениетінің фестивалі өтті. Ұйымдастырушы Қарағанды облысының кәрістер этномәдени бірлестігі болды.
Дәстүрге айналған фестиваль музыкамен, бимен және көрермендердің жақсы көңіл-күйімен толықты. Әрбір нөмірі әсерлі тақырыптық бейнеқатарлармен сүйемелденді.
Бағдарламада корей, қазақ және орыс тілдерінде әндер мен өлеңдер оқылды. Корей халық билері қазіргі заманғы К-рор стилінде ауыстырылды. Жиналғандар самульнори корей барабандарының дыбысын тыңдады.
– Біздің елімізде бірде-бір этнос өз тілін жоғалтқан жоқ. Ал ұлтты нығайтатын басты фактор қазақ тілі – мемлекеттің тілі болды. Біздің кәріс балаларымыздың мемлекеттік тілдегі барлық іс-шараларға қалай қуана қатысатынын көру қуанышты, – дейді кәрістер этномәдени бірлестігінің төрағасы Лилия Ким.
Фестиваль «Мугунхва» халық ансамблі ұжымының көрермендерге «Қос Алқа» қазақ биінің премьерасын сыйлауымен ерекше өтті.
Шара соңында орталық белсенділеріне қоғамдық жұмыстарға нәтижелі қатысқаны үшін сыйлықтар берілді.