
Сенбі күні 29 маусымда сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін облыстық онкологиялық диспансерде ісік алды ауруларын және бүйрек обырының ерте түрлерін анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.
Егер сізде келесідей белгілер болса:
- бүйрек ауруы
- несептегі қан қоспасы
- этиологиясы белгісіз анемия
- сіз 40 жастан ассаңыз
Бұл жағдайда онколог-урологқа жүгіну керек. Ашық есік күніне келген адамдар онкоурологтың тегін кеңесін, сондай-ақ бүйрек УДЗ өту мүмкіндігіне ие болады.
Ашық есік күні бойынша қосымша ақпаратты 8(7212) 438820 телефоны арқылы біле аласыз, немесе Кривогуза көшесі, 189 мекенжайы бойынша келу керек.