Қарағанды облысында әдеп жөніндегі жаңа уәкілетті тұлға тағайындалды

Қарағанды облысында әдеп жөніндегі жаңа уәкілетті тұлға тағайындалды

Қарағанды облысы әкімшілігі аппаратында әдеп жөніндегі жаңа уәкіл болып
Гульнара Кабдыкаримова тағайындалды.

Гульнара Раймкуловна Кабдыкаримова 1963 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1986 жылы Қарағанды политехникалық институтты, 2012 жылы – «Болашақ» университетін бітірген. Мамандығы инженер-экономист, бакалавр құқық.
Политехникалық институтты бітіргеннен кейін және 1997 жылға дейін «Карагандауголь» өндірістік бірлестіктің тау-кен өндіруші учаскесінде жұмыс істеді.
1998 жылы Совет ауданының салық комитетінде заңды тұлғалар бөлімінің салық инспекторы болды.
2005 жылдан бастап 2011 жыл бойынша Қазыбек би атындағы аудан әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2011-2017 жылдары – Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, Қарағанды облысының тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент басшысының орынбасары.
2017 жылдан бастап осы лауазымға дейін Қарағанды облысының қоғамдық денсаулық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды.