Шет ауданында Ұлттық домбыра күнін атап өтпекші

Шет ауданында Ұлттық домбыра күнін атап өтпекші

5 шілдеде Шет ауданының археологиялық-этнографиялық мұражайында Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле қоңыр домбыра, саз байрағы!» іс-шарасы өтеді. Басталуы 11.00, кіру тегін.

Мұнда облыстық тарихи-өңіртану мқражайымен бірлескен көрме ұйымдастырылады, музыка аспабын дайындау бойынша мастер-класс өтеді және жергілікті домбырашылардың концерті өтеді.
Толығырақ ақпаратты 8 (71031) 22-2-74, 21-9-62 телефондары бойынша білуге болады.
Бұл жылы Қазақстанда Ұлттық домбыра күні екінші рет аталып өтпекші. Өткен жылдың 13 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев бұл мерекені қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ұйымдастырған. Домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.