Қарағанды облысының аудандарында мұғалімдерге тұрғын-үймен көмектеседі

Қарағанды облысының аудандарында мұғалімдерге тұрғын-үймен көмектеседі

Қарағанды облысында ауыл мектептеріндегі мұғалімдерге жетіспеушілік проблемасын шешеді. Аудандарға жас педагогтарды тарту үшін оларға тұрғын-үй беріледі.
2018 жылдың басынан бастап педагогикалық ЖОО түлектері Қарағанды облысында 228 пәтер алды.
Олардың ішінде 219-на ауылдарда ипотекалық несиелендіру бағдарламасы бойынша берілді. Ұлытау ауданында тұрғын-үйді 41 маман, Осакаровкада – 33, Шет ауданында – 27 маман алды. 26 пәтерді Жаңарқа және Бұқар Жырау аудандарындағы мұғалімдер алды. 18 педагог Ақтоғай ауданында және Нұра ауданында қоныс тойын атап өтті. 13 пәтер Абай және Қарқаралы аудандарындағы мұғалімдерге берілді.
Тоғыз маман Приозерскідегі, Жезқазғандағы және Абай ауданындағы мемлекеттік тұрғын-үй қорынан баспана алды.
- Осы жылдың қыркүйегінде біз Шахтинсктегі бос тұрған үйлердегі пәтерлерді қалпына келтіруге құжаттардың толық пакетін жасаймыз. Жалпы ауданы 1100 шаршы метр 15 пәтерді жөндеу жоспарлануда. Бұл үшін қәзір жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл пәтерлерді күрделі жөндеуден кейін біз жас мамандардың ведомстволық баспанасы ретінде ұсынамыз, - деді Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.
Ол ведомстволық пәтерлер пайдалануға берілгенге дейін Білім басқармасы оқытушылар үшін баспана жалданатынын атап өтті.
Қәзір Қарағанды облысының мектептерінде 20 мыңнан астам оқытушылар жұмыс істейді. Соңғы үш жылда өңірге 1814 маман келді, оның 884-і ауылдық мектептерде балаларды оқытады.