
Қарағанды облысынан келген ауылшаруашылық өнімін Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтары 6 және 7 шілдеде сатып ала алады.
Астана күнін тойлауға орай ұйымдастырылған жәрмеңке «Қазақстан» спорткешенінің алдындағы алаңда ашылады. Қарағандыдан оған 11 тонна сүт өнімі, 300 мың жұмыртқа, төрт тонна балық, көкөністер, ет және басқа өнімдер апарылады.
Тасымалдауға, сақтауға және сатуға қажетті жабдық дайын. Тауарлар бағасы мен көлемі өндірушілермен келісілген. Елордадағы табиғи өнімдерді сатып алу өте тиімді болатынын атап өтуге болады.