458 жас дәрігерлер Қарағанды облысының аудандарына жұмыс істеуге келеді

458 жас дәрігерлер Қарағанды облысының аудандарына жұмыс істеуге келеді

Қарағанды облысының ауруханалары мен емханаларына 458 жас дәрігерлер жұмыс істеуге келеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімшілігінің аппарат отырысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.
Өңірге жас дәрігерлердің мұндай ағынын қамтамасыз етуге Enbek.kz бірыңғай ақпараттық порталы мүмкіндік берді. Жүйеде 50 медицина ұйымдары, оның ішінде мамандарды қабылдауға дайын 9 ауылдық медицина ұйымдары тіркелген.
- Порталда біз Қарағанды облысында жас дәрігерлерді ынталандыру үшін жұмыс істеудің барлық артықшылықтарын көрсеттік: жалақы мөлшері, одан әрі резидентурада жұмыс істеу және кәсіби дағдыларды жетілдіру мүмкіндігі, қызметтік баспана беру, көтермелеу және өзгелері. Нәтижесінде, облысымызда жұмыс істеуге 458 түлек ниет білдірді. Олардың 81 ауылдық жерге көшіп баруға дайын, - деді Ержан Нурлыбаев.
Жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау басқармасы таяу үш жылда оларға 281 баспана беруді жоспарлайды.
Абайда, Қарағандыда және Жезқазғанда 27 дәрігер осы жылдың соңына дейін кілт алады. Пәтерлер толығымен жөнделген, жиһаздалған және тұрмыстық техникамен жабдықталған.
Сонымен бірге, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы Теміртау әкімшілігімен бірлесіп 60 пәтер жөнделген ғимаратты денсаулық сақтау жүйесінің балансына беру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жас мамандар үшін Қаражалда, Қарқаралыда, Ақтоғайда және Бұқар Жырау аудандарында да баспана дайындалды.
Қарағанды №1 қалалық аурухана облыс орталығындағы 12 пәтерді жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасының әзірлемесін аяқтады.