Қарағанды қаласында Астана күнін тойлайды

Қарағанды қаласында Астана күнін тойлайды

Қарағанды қаласында Астана күні құрметіне сауық-сайрандар, көрмелер мен мерекелік конценттер өткізілетін болады.
Мерекеге орай барлығы 60-тан астам іс-шара жоспарланған. Бастысы – «Елімнің тұмары - Елорда» концерті – 6 шілдеде сағат 12.00-де орталық саябақтың жағалауында өтеді. Сахнада президенттік оркестрдың жетекші солисті Оралхан Алтынбеков және «Қазақстан дауысы» мен «Х-фактор» тележобасының жеңімпаздары өнерлерін көрсететін болады.
Сондай-ақ, 6 шілдеде сағат 12.00-ден бастап Жаңа Майқұдық, «Молодежный» және Теміржолшылар МҮ мерекелік бағдарламалар өткізіледі.
Аула клубтары 29 маусымнан бастап «Мен тұратын, Аула» атты фестиваль өткізуде, балаларға арналған ойындар мен конкурстар ұйымдастыруда.
Қарағандының хайуанаттар бағында мерекеге орай аттар мен аласа аттар понида серуендеу ойластырылған.
4 шілдеде Достық үйінде халық музыкасын бағалаушыларға арналған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында шертпекүй бойынша «Ұлы дала перзенті» фестивалі өткізіледі.
Сонымен қатар, мерекеге орай Қарағанды қаласында 13 қайырымдылық акцияларын өткізу жоспарланған. Қала әкімдігінің қызметкерлері бірнеше ірі супермаркеттермен мереке күнінде 150 тауар түрі жеңілдікпен сатылатындығы жөнінде келісті.
Астана күніне орай қаланы шағын тақырыптық мүсіндермен, баннерлермен және жалаулармен безендіреді.
Мереке күндері адамдар жиналған орындарда қосымша қоқыс жәшіктері мен биодәретханалары орнатылатын болады.