
Қарағанды облысы «Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі жалға берілетін жер телімдеріне конкурс жариялайды. Жалға берілетін жер телімдерінің жалпы ауданы 159 319 гектарды құрайды.
Конкурсқа шығарылған жер телімдері уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен 49 жылға беріледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 7-ші тамызға дейін қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет: конкурсқа қатысуға арналған өтінім, конкурстық ұсыныс және тартылған инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсты ұсыныста бизнес-жоспар, шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфра құрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер болуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік,2, «Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүргізіледі. Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 23 шілдесі мен 7 тамызы аралығында.
Конкурсқа байланысты қосымша деректерді Қарағанды облысы «Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі » ММ-де алуға болады. Байланыс телефондар /факс: 8(71030) 2-64-59, 8(71030) 2-79-63 немесе электрондық пошта: Zher-Zhanaarka@mail.ru.