Жексенбі, 7 шілдеде Орталық саябақтың жағалауында Домбыра күніне арналған үлкен флешмоб-концерт болады. Басталуы 12.00-де.
Көрермендер музыка мектебінің 200-ден астам домбырашы-оқушылары мен оқытушыларының, сонымен қатар Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары орекстрінің өнерін тамашалайтын болады. Олар «Сарыарқа», «Адай» және «Балбырауын» сияқты танымал күйлерді сыйға тартпақ.
Еске сала кетсек, Домбыра күніне орай Қарағанды облысында апта бойы осы мерекеге арналған іс-шаралар өтеді. 4 шілдеде сағат 15.00-де Достық үйінде «Ұлы дала перзенті» фестивалі ұйымдастырылады. Ал 5 шілдеде Шет ауданының археологиялық-этнографиялық мұражайында – «Күмбірле қоңыр домбыра, саз байрағы!» іс-шарасы өткізілмек. Басталуы 11.00-де, кіруі тегін.
Қазақстанда Ұлттық домбыра күні екінші жыл қатарынан аталып өтілуде. Былтырғы жылдың маусымында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл мерекені қоғамды одан әрі ұлттық мәдениет пен барабарлықты сақтау мен жандандыру идеясы төңірегінде шоғырландыру мақсатында жариялаған. Домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтіледі.