Қарағандылық спортшылар Нұрсұлтандағы турнирде 21 медаль алды

Қарағандылық спортшылар Нұрсұлтандағы турнирде 21 медаль алды

Елордада өткен «Nur-Sultan Gran Prix» джиу-джитсу бойынша рейтинг турнирінде қарағанды спортшылары 21 медаль иеленді. Жалпы есепте олар алты алтын, сегіз күміс және жеті қола марапаттарын алды.
Турнирде ондаған елден спортшылар қатысты: Бразилия, БАЭ, Иордания, Түркменстан, Ресей, Тәджікістан, Өзбекстан, Монғолия және басқалары.
Қарағанды облысының құрамасына 30 адам кірді.
- Осы жарыстардағы жеңіс өте маңызды. Сарбаздар кейін әлемдік деңгейде шығу үшін рейтинг жинайды. Біз джиу-джитсуда әлемдік жетекші болып табылатын араб елдеріне орын бердік. Бұл біздің спортшыларымыз ең үздіктермен бәсекелесе алатыны туралы айтады, - деді Қарағанды облысының джиу-джитсу бойынша аға жаттықтырушысы Марат Кутжанов.
Спортшылардың өздері бұл жарыстар жақсы тәжірибе болғанын – олар өз күштерін тексере алғанын және жеңілістерден қорытынды жасай алғанын мойындады.
Турнир чемпионы Мұса Рамазановтың айтуынша мұндай ауқымды жарыстар арнайы көңіл-күйді талап етеді.
- Біріншіден, жарысқа шығар алдында өте жақсы ширығуы керек. Сонда оңай болады. Ал екінші сәт – психологиялық. Жекпе-жек алдында қалай шығатынынды, қарсыласпен қалай күресетінінді егжей-тегжей және толық елестету мүмкін емес. Бұл жеңіліске әкеледі, көп күшті алады, - деп бөлісті.
Қәзір спортшылар Таиландта өтетін джиу-джитсу бойынша ашық чемпионатқа дайындалуда. Олар күніне екі рет жаттығады және қателерді қайталамас үшін алдыңғы жекпе-жектердің жазбаларын көреді.