Қарағандының хайуанаттар бағының топтамасын ұлғайту жоспарланған. Қаумалдарды кеңейтіп, қалпына келтіргеннен кейін пілдер, керіктер мен ақ аюлар сияқты ірі жануарлар сатып алынбақ.
Қазіргі уақытта хайуанаттар бағының аумағында жаңа ғимараттар салынып жатыр. Жұмыстар 2018 жылдың сәуірінде басталды. Құрылыс ауданы – 3.076 квадрат метр. Ғимарат негізгі бөліктен және атриум-мұнарасынан тұрады. Негізгі бөлігінде – екі жерүсті қабаты мен төменгі қабат бар, онда асхана, кір жуатын орын, қойма, элеваторлық түйін мен техникалық бөлмелер орналасқан. Мұнараның бірінші қабатында герпетарий және аквариумдарды орналастырады. Ғимаратта аңдарға арналған қысқы қаумалдарды, сондай-ақ мәжіліс залдарын, дәретханалар мен киім ілетін орындарды жасайды. Бөлмелер заманауи ауа сору жүйелерімен және ауа жаңарту қондырғыларымен жабдықталмақ.
Құрылысты 2020 жылдың аяғында салып бітіру жоспарланған. Одан кейін бар қаумалдарды қайта қалыпқа келтіру мен жаңа қаумалдарды салу үшін жоба-сметалық құжаттаманың дайындығы басталады. Зоологиялық бақтың аумағын кеңейту жоспарланған: қазір жалпы ауданы 43 гектардың бар болғаны сегізі ғана игерілген. Қаумалдарды қайта қалпына келтіргеннен кейін барлық кеңістікке жайғасатын болады.
- Біз Мәскеулік, Алматылық, Ташкенттік және басқа да зоологиялық бақтармен байланыс жасап тұрамыз. Олардың мамандары бізге келіп, ЖСҚ дайындау кезеңінде жаңа қаумалдардың құрылысы және аумақты қайта қалпына келтіру бойынша кеңестер беруге дайын. Оларда керіктер, пілдер тұратын орындар мен ақ аюларға арналған қаумалдар болғандықтан, олар жануарларға барынша функционалды, жайлы болу және жұмыскерлерге олармен жақын жерде жүру қауіпсізгі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін оларды қалай жасау керектігі жөнінде бәрін білетіңін – айтты Қарағанды хайуанаттар бағының директоры Мадина Аширова.
Оның сөзі бойынша, қазіргі уақытта қайта қалыпқа келтіру процессін тездету мүмкін емес. Жаңа ғимараттың құрылысы жайында шешім зоологиялық бақтың аумағындағы ескі ғимарат қирай бастауының салдарынан тез шешілді. Сондықтан құжаттаманы дайындау мен құрылыс жұмыстарына тездетіп кірісіп кетті.
- Хайуанаттар бағының мәселесі жөнінде қала әкімдігі біледі. Алайда, бюджет – бұл түпсіз бөшке емес және қалада бұдан да маңызды шығындар бабтарының барын есте сақтау қажет. Бастысы – бізге ақша бөлінеді, қызметкерлер тұрақты түрде өздерінің еңбекақыларын алып тұрады, жанауарларға олардың тамақтары төлық көлемде сатып алынады. Қала билігі қайта қалыпқа келтіруді қолдап отыр, - деп баса айтты Мадина Аширова.
Қазір Қарағанды хайуанаттар бағының ең ірі жануары – Юджин су сиыры. Одан басқа мұнда арыстандар, жолбарыстар, теңбілшілер сияқты ірі жыртқыштар өмір сүреді. Хайуанаттар топтамасында жабайы өгіздер, арқарлар, түйелер, бұғылар, аюлар, сирек кездесетін құстар мен басқа да жануарлар бар. Оларды тамақтанды үшін тәулігіне бір тоннаға жуық әртүрлі азық-түлік қажет етіледі. Мәскеулік хайуанттар институтының құрған жануарлар рационында барлығы – 72 тағам атауы бар, олардың ішінде аюларға арналған бал мен павидло, көкеністер, жемістер, жаңғақтар, жармалар, йогурттар, ірімшік, ет, тауық және балықтар. Бұдан басқа, жыртқыштар тұрақты түрде «тірі» азықты – теңіз шошқасы, қояндарды немесе егеуқұйрықтарды жейді.
- Барлық азықтарды жеткізушілер жеткізеді, олар 60 жуық . Біз ештене сатып алмаймыз, барлығы мемлекеттік сатып алулар арқылы өтеді. Азық-түліктерді алқа кеңесімен қабылдап аламыз – әр бөлімнің жетекшісі сапасын тексеріп алады, - дейді хайуанаттар бағының директоры.
Әзірше қайта қалыпқа келтіру жүріп жатыр, асхана, кір жуатын орын, шаруашылық бөлімі және әкімшілік кабинеттері хайуанаттар бағының аумағындағы вагондарда орналастырылған. Қайта қалыпқа келтірілгеннен кейін оларды барлық техникалық және санитарлық талаптарды есепке ала отырып жаңа ғимаратта орналасады. Ота жасайтын блогы бар ветеринарлық бөлімді де сонда ауысады, ол қазір ескі бір қабатты құрылыста орналасқан.