
Киевте Н. Әбдіров атындағы Қарағанды жалпы білім беретін мектебінің «Арыстан» командасы белсенді ойындар бойынша халықаралық жарыстарда оқушылар арасында үшінші орын алды. 2021 жылғы ISF World Cool Cames үздік атағы үшін Украина, Молдова, Қазақстан, Румыния, Сербия, Словения және Черногория сияқты жеті елдің оқушы құрамалары бақ сынасты.

Қазақстан құрамасынан Қарағандыдан сегіз оқушы қатысты, оның ішінде ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері – «Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының қатысушылары бар.

Команда жетекшісі – Н. Әбдіров атындағы мектеп директорының эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасары Ерлан Рахымжанов, жаттықтырушы – дене шынықтыру мұғалімі Татьяна Бутузова.
Биыл жарыс екінші рет өткізілді.
– Бірінші күні ойындардан басқа ұлттар түні ұйымдастырылды, онда барлық командалар ұлттық дәстүрлерді көрсетті. Біз дастархан жайдық, мәдениетіміз туралы бейнероликтер көрсеттік, ән шырқалды. Финалда үшінші орынды иелендік. Алматыға келгеннен кейін бізді Қазақстанның мектеп спорт федерациясы қарсы алды. Біздің спортшылар Қазақстанның үздік балалар тізіміне енді, бүгінде бұл тізімде 40 адам бар. Әрі қарай «Айбын» мен халықаралық ойындарға қатысамыз және бұдан да үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз, – дейді команда жетекшісі Ерлан Рахымжанов.