Қарағандыда облыстық ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлеріне арналған оқыту семинарлары өткізілді. Онда тегін медициналық көмек және медициналық сақтандырудың жаңа пакеттері туралы айтылды. Спикері болып МӘМС республикалық штабының жетекшісі Зауреш Байкенова сөз сөйледі.
- Тұңғыш рет Қазақстаннның денсаулық сақтау тәжірибесінде мемлекеттік медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің бірнеше пакеті болады. Бұл 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекет етеді, осы күні міндетті медициналық сақтандыру жүйесі толық өз күшінде жұмыс жасайтын болады, - деді Зауреш Байкенова.
Оның сөзінше, медициналық қызметтердің әртүрлі пакеттері дайындалып, толықтырылған және оңтайландырылған. Оларды азаматтарға арнап түсінікті және айқын етіп жасаған.
Денсаулық сақтауда үш деңгейлі медициналық қамсыздандыру жүйесі енгізілетін болады. Бірінші деңгейі – бұл медициналық көмектің минималды пакеті, оны мемлекет әр қазақстандыққа берілетіндігі жайында кепілдік береді. Екінші пакеті – міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына арналған. Үшіншісі - ММТМК және МӘМС пакетіне кірмейтін медицналық қызметтер. Олар ақылы немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен ұсынылады.
- Бірінші деңгейі ҚР барлық азаматтарына, оралмандарға және тұрақты түрде тұратын шетелдіктерге арналған мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл пакетке тіркелу орны бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, әлеуметтік маңызды ауруларда және негізгі созылмалы ауруларда толық медициналық көмек спектры, оған қоса дәрілік қамсыздандыру кіреді. Екінші пакет, сондай-ақ, кеңес беру және диагностикалық қызметтерді, дәрілік қамсыздандыруды, жоспарлы стационарлық көмекті, сақтандырылғандарға, сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына, жүктілер мен 18 жасқа толмаған балаларға арналған шұғыл стоматологиялық көмекті қамтамасыз ететінін, - түсіндірді ЗаурешБайкенова.
Ол сонымен қатар бұл жаңалықтар туралы және медициналық сақтандыру жүйесі жайында – медициналдық қызметкерлер де, халық та барлығы білу керектігін айтты. Пилоттық режимде жаңа пакеттер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданыла бастайды.
Семинарда 150-ден астам адам қатысты. Дәрігерлердің сөзіне сүйенер болсақ, олар медициналық көмектің жаңа жүйесі бойынша жұмыс жасауға дайындарын айтты.
Біздің № 3 емхана міндетті әлеуметтік медициналық стақтандыру жүйесін енгізуге дайын. Біз барлық нормативтік-құқықтық актілерді, тегін медициналық көмектің кепілдіндірілген көлемнің жаңа үлгісін және МӘМС пакетін зерттеп-зерделедік. Қазіргі уақытта халық арасында түсіндіру жұмыстарын жасап жатырмыз, - дейді Қарағанды қаласының № 3 емханасының директоры Сания Боранқұлова.