
Қарағандыда 13 шілдеде «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы көрме байқауының облыстық кезеңі өтті. Ол Серік Сапиев атындағы Бокс орталығының алаңында өтеді.
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы қатысушылардың өтінімдері Ермекова көшесі, 29, 313-314 кабинет мекенжайы бойынша 10 шілдеге дейін қабылданатынын еске түсіреді. Толық ақпаратты 8 (7212) 503-640, 506-416 телефондарынан білуге болады.
«Қазақстанның үздік тауарлары» көрме байқауы 2001 жылдан өткізіледі. 2015 жылдан бастап кәсіпорындармен қатар оған жеке кәсіпкерлер қатысады. Өңірлік көрме байқауы үш номинациядан тұрады: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлары»; «Халыққа арналған үздік тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлары». Астанадағы республикалық байқауға жолдама алатын 9 жеңімпаз іріктеледі.
Негізгі номинациялардан басқа, қоғамдық ұйымдардан, қауымдастықтар мен өңірдің бизнес-қауымдастықтардан – 7 қосымша номинация құрылды.
Байқау мақсаты – қазақстандық тауарлардың жарнамасы және отандық тауар өндірушілерді қолдау, өнімді ұлғайту, өнім сапасын және өңір нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және халықтар арасында сапа идеясын танымал ету.
13 шілдеде көрмеде қарағандылықтар облысқа шығарылатын жаңа тауарлар жиынын көре алады.
Сондай-ақ түлектері өз өнімін, яғни сүт өнімдерін, ет және кондитер бұйымдары мен өзгелерін көрсете алатын «Бастау» бағдарламасының тиімділігін бағалау мүмкіндігін береді. Мұнда көрмеде тілек білдірушілер «Даму» қоры және банк мамандарының кеңесін ала алады.