Топардың ББЭС жаңа турбинасын іске қосты

Топардың ББЭС жаңа турбинасын іске қосты

Топардағы Басты бөлу электрстанциясында (ББЭС) жаңа турбинаны іске қосты. Ол айтарлықтай электроэнергияны өндіріп шығаруға мүмкіндік береді.
Жаңа турбоагрегаттың қуаты – 130 МВт. Орнату істері болғаннан кейін станцияның электрлік қуаты 613-тен 743 МВт дейін ұлғаяды.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев жаңа турбоагрегаттың іске қосылу салтанатында сөз сөйлеу барысында «Қазақстан – 2050» мемлекеттік даму стратегиясында энергетикалық сектордың дамуына ерекше мән берілгенін баса көрсетті.
- Қарағанды облысы – мұнда өнеркәсіптік, тау-кен өндірісі мен қайта өндеуші кәсіпорындарының көптеген санының орналасуына байланысты Қазақстандағы электрлік энергияның көптеген деңгейін тұтынатын аймақтардың бірі болып табылады. Топардың Басты бөлу энергиялық станциясы Қазақстанның бірыңғай жүйесіне кіреді және аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарын энергоресурстармен қамтамасыз ететін, - айтты Ермағамбет Бөлекпаев.
Ол сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өндірісті жаңа деңгейге көтеруге және жалпы кәсіпорынның экономикасын жақсартуға мүмкіндік беретінің ерекше айттып өтті.
ББЭС ұзақ мерзімді жаңарту бағдарламасын жүзеге асырады. Ол 2028 жылға дейін есептелген. Жабдықтарды жөндеу мен жаңарту – бұл дегеніміз «Қазақмыс Холдингі» тобының үлкен инвестициялық жобасының бір бөлігі, ол топқа кәсіпорында кіреді.
Жобаны пилоттық деп айтуға болады, себебі бүгінгі күні Қазақстандағы энергиялық кәсіпорындардың еш бірінде мұндай жабдық жоқ. Онда жаңа технологиялар қолданылады және қазандықтар мен турбиналарды басқару толығымен автоматтандырылған.
Станция, 1964 жылдан бастап қызмет етеді, Абай қаласы мен Топар елдімекенін жылумен және электрлік энергиямен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өндіріліп шығаралған электрлік энергия Қарағанды қаласындағы, Жезқазған мен Балхаш аудандарындағы «Қазақмыс» Корпорациясы кәсіпорнының энергиялық жүктемелерін жабады.
Жаңа турбинаны іске қосқан уақытта тұтынушылардың энергиялық қамдау, әсіресе жылыту кезеңінде, сенімділікті арттырады.

ББЭС 16 қазандық пен 8 турбоагрегат орнатылған. Бүгінгі күні мұнда 1425 адам жұмыс жасайды.
Жаңа жабдықты орнатқаннан кейін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды талап етеді. Кәсіпорында персоналды оқытудың автоматтандырылған жүйесі құрылған. Ол арнайы жаттықтырушылардың көмегімен авриялық немесе штаттан тыс жағдайларда барлық әрекеттерді игеруге мүмкіндік береді, ол барлық станцияны қамтыған. Сонымен қатар, мамандықтар бойынша қызметкерлерді оқытатын жекелеген жүйесі құрылған. Бұл жоба, ол үш жылдай уақыт бойы әзірленді,сондай-ақ Қазақстан үшін бірегей.