Қарқаралы ауданының 93 жасар тұрғыны "Күй керуені" экспозициясының қатысушыларын таңқалдырды

Қарқаралы ауданының 93 жасар тұрғыны "Күй керуені" экспозициясының қатысушыларын таңқалдырды

Қарағанды облысында «Күй керуені» музыкалық-этнографиялық экспедициясы аяқталды. Оның қатысушылары облысымыздың 9 ауданын, сондай-ақ Балхаш, Жезқазған, Қаражал, Сатпаев қалаларын аралап шықты.

Экспедицияның қорытындылары туралы экспедицияның жетекшісі, «Шертпе күй» орталығынң негізін қалаушы профессор Қайролла Сәдуақасов айтып берді.

- Экспедиция 24 басталғанына қарамастан бізге уақыт жетпеді. Облыс тұрғындарының арасында дарынды адамдар өте көп. Сондықтан, біздің жұмысымызда өте көп болды. Экспедиция барысында көптеген фольклорлық шығармаларды, қолөнерімен айналысатын, бұл рухани мұраны сақтайтын біздің көптеген апаларымызды және ақсақалдарымызды көрдік, - дейді Қайролла Сәдуақасов.

Ол сондай-ақ, экспедиция қатысушылары олар күйлер мен термелерді кәсіби ойнайтын, 80-90 жастағы ақсақалдармен кездескенін айтты. Сонымен қатар олардың ешқайсы нота жағынан сауаттылықтары жоқ.
- Қарқаралы ауданында бізді жергілікті тұрғын Нәсипа әже таңқалдырды. Ол кісінің жасы 93-те, сол жасына қарамастан ол «Еңлік-Кебек» поэмасын, көптеген сыңсу мен жоқтауларды, сонымен қатар жаңылтпаштарды жатқа білетінімен, - бөлісті экспедиция жетекшісі.

Нұр-Сұлтаннан келген өнертанушы доктор, Ұлттық мұражайдың аға ғылыми қызметкері Ардаби Мәулетұлы да экспедицияға қатысты. Ол мұндай ауқымды зерттеу жұмыстары Қарағанды облысында алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті.
- «Мәдени мұра» ұлттық бағдарламасы басталғаннан бері, мұндай толыққанды экспедиция дәл біздің облысымызда алғашқы рет өткізіліп отыр. Біз Қарағанды облысының барлық аудандары мен қалаларын аралап шықтық. Осы уақыттың ішінде жергілікті Халық шығармашылығының орталығы өте үлкен жұмыс атқарды. Біз музыкалық мұра мен фольклордың көптеген үлгілерін жинай алдық. Барлық жиналған материалдарды біз зерттеп-зерделеп жатырмыз. Олар Ұлттық мұражайдың қорында сақталатын болатынын, - айтты Ардаби Мәулетұлы.

Экспедиция қатысушыларына 1000-нан астам күй мен 60-тан астам ән, ертегі, аңыздарды жинай алды. Олар сонымен қатар халық қолөнерімен таныса алды. Облыс тұрғындары зерттеушілерге жеке мұрағатта жатқан заттарын берді. Оның бір мысалы, журналист, өлкетанушы Қуандық Саденов өзінің аудиожазбаларын берді. Сонымен қатар, Қытайдан, Монголиядан және Өзбекістаннан келген оралмандардан музыкалық мұраның үлгілері де жиналды.

Облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаевтың сөзіне сүйенер болсақ, барлық жиналған материалдар халыққа жария болады.

- Жылдың соңыда, барлық жиналған материалдарды зерттеп, зерделегеннен кейін біз дисктер жинағын шығаратын боламыз. Сондай-ақ, барлық музыкалық материалдарды антологияға жинастырып жатырмыз, 2020 жылы шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Жинақтар кітапханаларға, музыкалық колледждер мен мектептерге берілетін болады, - дейді Еркебұлан Ағымбаев.

«Күй керуені» экспедициясы – соңғы емес. Болашақта оны қайталау жоспарлануда. Ол Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған болатын. Онда Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы – ұрпақтардың рухани байланысын нығайтатын ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі, ұлттық сана сезімнің негізі екенін баса айтты.

Экспедицияның құрамына бес адам кірді. Бұл филология ғылымдарының докторы, ҚарМУ профессоры және Қарағанды облысындағы шертпе күй мектебінің негізін қалаушы Қайролла Сәдуақасов; филология ғылымдарының докторы, КарМУ профессоры Берік Рахимов; өнертанушы доктор, Ұлттық мұражайдың аға ғылыми қызметкері Ардаби Мәулетұлы; «Арқа ақшамы» газетінің корреспонденті Бек Ықлыласов және бейне оператор Еркебұлан Елтай.