Теміртауда астананың алғашқы құрылысшыларын марапаттады

 Теміртауда астананың алғашқы құрылысшыларын марапаттады

Қала күні қарсаңында Теміртауда Металлургтер мәдениет сарайында мерекелік іс-шара өтті. Оған елорданың алғашқы құрылысшылары мен Тұңғыш Президенттің серіктестері қатысты.
Облыс әкімінің алғыс хаттарымен елорданың алғашқы құрылысшылары Владимир Вашкевич, Юрий Дунаев, Виктор Попов, Серік Қоқанбаев, Владимир Корж, Владимир Госман марапатталды. Жиналғандарды Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов құттықтады.
Мереке қонақтары атап өткендей, Есіл жағасындағы көптеген маңызды құрылыстар Виктор Никитович Попов пен оның әріптестерінің зерттеулері мен инженерлік ізденістерінің арқасында салынды. Бұл «Ақорда» Президент резиденциясы, "Интерконтиненталь" қонақ үйі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Гумилев атындағы Еуразия университеті, "Бәйтерек", "Астана триумфы" тұрғын үй кешені және т.б.
- Елорданы салу үшін бас жоспар дайындалды. Біз, қарағандылықтар осы бас жоспарды әзірлеу үшін инженерлік ізденістерге бірінші болып қатысқанбыз. Жағдайдың өте қиын болғандығы есімізде. Біз инженерлік ізденістерді орындағанда, ең бастысы - астананы су тасқынынан қорғау деген қорытындыға келдік. Бұл қорғаныс бас жоспарда көзделген. Міндет өте кәсіби және сапалы орындалды, - дейді елорданың алғашқы құрылысшысы Виктор Попов.
- Елорданы жаңғырту Астанада жаңа тоғызыншы шағын аудандағы тұрғын үй кешенінің құрылысынан басталды. Онда әр облысқа бірнеше үй салу тапсырылды. Қарағанды облысынан жұмыстарды "Қарағандыджилстрой Трест" орындады. Барлығы рекордтық мерзімде және сапалы салынды. Біз сонда 4500 м2 үй тұрғыздық. Астана күні мен үшін өте қымбат, себебі мен оның құрылысына тікелей қатысқанмын, - деді "Қарағандыджилстрой" бас инженері Владимир Госман.
Елбасының серіктестері барлықтарын мерекемен құттықтап, естеліктерімен бөлісті.
- Біздің жаңа елордамыздың құрылысы тамаша іс болды. Тұңғыш Президентті біле отырып, мен оның ең үздік болатынына сенімді болдым Оған зор денсаулық, ал біздің жас елордамызға гүлдену тілейміз, - дейді Елбасы серіктесі Нина Вахитова.
Шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Қонақтар үшін Қарағанды, Теміртау және Нұр-сұлтан әртістері өнер көрсетті.