Осакаровка кентінде Астана күніне арналған «Елімнің тұмары – Елорда» мерекелік шарасы өтті.
Кентт тұрғындары мен қонақтарды Осакаровка ауданының әкімі Нүркен Кобжанов мерекемен құттықтады. Ол «Жасұлан» ШҚ директоры Медубай Каймаковқа, «Найдоровское» ЖШС директоры Павел Лущакқа, аудандық мәслихат хатшысы Қанат Саккулаковка, «Ясная поляна» ШҚ басшысы Виктор Штельге, «Эммерих» ШҚ басшысы, «Ишим 2012» ЖШС директоры Виктор Эммерихке, «Жатва» ШҚ басшысы Виталий Ямковойға, «Рассвет» ЖШС директор Виталий Ранертке алғыс хаттарын тапсырды.
Көрермендер үшін концерт бағдарламасы дайындалды. Ол «Нұрлы Астана» театрландырылған көрінісінен, «Қуаныш» (Қарағанды) және «Гюзель» (Теміртау) би ансамблінің өнерінен тұрды. «Сарыбел әуені» ансамблінің орындауында атақты «Адай» күйі ойналды.