Шет ауданында екі көп балалы отбасыға меценаттар баспана сыйлады

Шет ауданында екі көп балалы отбасыға меценаттар баспана сыйлады

Еліміздің бас қаласы - Астана күнінде Шет ауданында екі көп балалы отбасы қоныс тойын атап өтті. Екі кәсіпкер, аудан тұрғындары оларға пәтер кілтін табыстады.

Кәсіпкер Нурлан Байженов Өміржан Алдабергеновтың отбасына өз қаражатынан баспана алып берді. Төрт балалы отбасының өз баспанасы жоқ болатын.
Шет ауданының тағы бір кәсіпкері меценат Бауыржан Мусаханов 6 баланың әкесі Ахметов Жанаттың отбасына жиһазымен және жайластырылған баспана сыйлады.
Аудан әкімі Марат Жандаулетов баспана иелерін құттықтап, үйге арналған тұрмыс техникасын тапсырды.