
Ақтоғай ауылы «Тарих тағылымы» саябағында мемориалдық кешен ашылды. ҰОС-нда қайтыс болған, хабарсыз кеткен ардагерлерге және Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге арналған.
Ашу салтанаты Астана күніне орайластырылып өтті. Оған аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Сондай-ақ іс-шара барысында Ақтоғай ауданының әкімі С.М.Әбеуова, аудан әкімінің орынбасарлары Қ.О.Нөкеш, А.Б.Аманжолов Қазақстанның Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлдың алғыс хатымен марапатталды.