
2021 жылы Қарағанды облысында ауылдық денсаулық сақтауды қаржыландыруға 13,5 млрд теңге жоспарланған (2020 жылы 9,6 млрд теңге болған). Жыл басынан бері көрсетілген көмекті төлеуге 10,2 млрд теңге бағытталды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қаржыландыру көлемі артты.
Өңірде ауыл халқына, оның ішінде стационарлық көмекті қоса алғанда медициналық көмек аудандық тоғыз орталық ауруханасында көрсетіледі. Егер ауылдық медициналық ұйым науқасқа консультациялық-диагностикалық көмектің қандай да бір түрін көрсете алмаса, ол оны осы тексеру бар басқа мекемеге тексеруге жіберуге міндетті. Жолдама бірлесіп орындау шарты бойынша жүзеге асырылады және аудандық аурухананың қаражатымен төленеді. Медициналық сақтандыру қоры шарт бойынша осы мақсаттарға қаржы бөледі.
– Шалғайдағы және жетуге жолы қиын ауылдық аудандарда тұратын азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және арттыруға көп көңіл бөлінеді. 2021 жылы жылжымалы медициналық кешендердің жұмысына 503,5 млн теңге бөлінді. Облыстың алты медициналық ұйымында жабдықпен жарақталған, оның ішінде зертханалық және функционалдық зерттеулерге арналған арнайы көлік бар, – деп Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев атап өтті.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша