Нұра ауданында жаңа дәрігерлік амбулаториясы ашылды

Нұра ауданында жаңа дәрігерлік амбулаториясы ашылды

Нұра ауданының Ахмет ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Ашылу салтанаты Астана күніне орайластырылды.
Амбулаторияда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалды. Мұнда жалпы тәжірибе дәрігері, педиатр, дәрігерге дейін қабылдау кабинеттері, қан жинау кабинеті, акушер-гинеколог кабинеті, егу кабинеті және 2 төсекті күндізгі стационар орналасқан.
Амбулатория құрылысы өткен жылы басталған, бас мердігер «Каздостройтех» ЖШС болды.
Дәрігерлік амбулаторияның ашылу жағдайы бойынша салтанатта тұрғындарды осы оқиғамен аудан әкімінің м.а. М.Тураров пен Ахмет ауыл ардагерлері кеңесінің төрағасы Р.Баграмов құттықтады. Мерекелік лентаы кесу құқығы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілі А.Канафина мен жергілікті қауымдастық мүшесі А.Аубакировқа берілді.