Нұра ауданының тұрғындары қоныс тойын атап өтті

Нұра ауданының тұрғындары қоныс тойын атап өтті

Қарағанды облысының Нұра ауданында 24 отбасы қоныс тойын атап өтті. Нұра кентінде «Өңірлерді дамыту -2020» бағдарламасы бойынша салынған 24 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қоныс тойын көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен мемлекеттік қызметшілер атап өтті. Оларға жаңа пәтер кілттерін Нұра ауданы әкімінің орынбасары Уәлихан Оспанов тапсырды. Салтанатты шара Астана күнін тойлауға орайластырылды.
Абильдиновтер жанұясы баспанаға өз кезегін сегіз жыл күтті.
- Менің бес балам бар, біз кезегімізді көп жыл күттік және баспана жалдап тұрдық. Міне бүгін, осындай мереке бізге пәтеріміздің кілтін алдық. Біз өте қуаныштымыз! – деп бөлісті отағасы Жангелді Абильдинов.
Сондай-ақ Қайнар ауылында Астана күнінде «Қайнар» ЖШС жалғыз басты көп балалы анаға үш бөлмелі үй сыйлады.