Нүркен Әбдіров даңғылындағы саябағы абаттандырылады

Нүркен Әбдіров даңғылындағы саябағы абаттандырылады

Қарағандының Нүркен Әбдіров даңғылындағы саябақты осы жазда абаттандырады. Мұнда кеспе тастар, орындықтар, қоқыс жәшіктер мен шамдар ауыстырылады.
Саябақта басында тек тротуар жабындарын ішінара ауыстырып, тегістеу жоспарланған. Алайда, бюджет қаражаттарын үнемдеу есебінен орындықтарды, шамдар мен қоқыс жәшіктерін ауыстыруға қажетті соманы алдық.
- Біз жұмысты келесідей ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз: бір мердігер екі-үш шамды орнатады, басқасы ізінше кеспе тасты салады. Нәтижесінде әрбір 20 метр сайын саябақ бойы гулзар ортасында қос мүйізді шамдар орнатылады. Барлығы – 94 дана, - деп айтты Мәдениет, демалыс және гүлзар саябақтары басқармасында.
Қәзір байқау процедуралары өтіп жатыр. Жоспар бойынша, мердігер бірінші тамызда жұмысын бастауы және қыркүйек басында аяқтауы тиіс. Барлығы саябақта 120 орындық және 150 шойын қоқыс жәшігі орнатылады.

Мәдениет, демалыс және гүлзар саябақтары басқармасының баспасөз ақпарнаты бойынша