
Шет ауданының археологиялық-этнографиялық мұражайында Ұлттық домбыра күніне орай "Күмбірле қоңыр домбыра, саз байрағы!" іс-шарасы өтті. Ол Облыстық тарихи-өңіртану мұражайымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Мерекеге Облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Е.Мекежанұлы, Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Азатұлы, шертпе күй бойынша кәсіби орындаушылар және шақырылған қонақтар қатысты.
Мұражайда іс-шараға «Домбыра Дастан» көрмесі орайластырылды. Онда қазақтың ұлттық аспаптары, әр түрлі домбыралар, Облыстық өңіртану мұражайының қорынан экспонаттар, Қали Байжанов, Жәмиля Шашкина және басқа белгілі музыканттардың сахналық костюмдері көрсетілді.
Экспонаттар арасында 125 жыл болған домбыра аса құндылыққа ие болды. Оның иесі Абикен Хасенов – арқа дәстүрінің тамаша орындаушысы. Осының арқасында Тәттімбет күйлерінің көбісі бізге жетті.
Барлығы 15 аспап берілді, олардың 8 – түпнұсқалар. Әрбір домбыра мұражай қорына түрлі уақытта түскен.