
Қарағанды облысыны Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастығы Нұржан Жетпісбаев болды. Алдында ол «Нұр Отан» партиясының «Жас отан» ЖК Қарағанды облыстық филиалын басқарған.
Нұржан Жетпісбаев 29 жаста. ҚарМТУ және Қазақ инженерлік – техникалық академияны бітірген. Құрылыс бакалавры, «құрылыс» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі және «менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дипломдарын алған. «Дарын» мемлекеттік жастар премиясының лауреаты болып табылады.
2013 жылдан бастап осы тағайындауға дейін «Нұр Отан» партиясының «Жас отан» ЖК Қарағанды облыстық филиалының төрағасы болды.