Ерлан Кошанов мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шипажайлық емдеу мерзімдерін ұлғайтуды тапсырды

Ерлан Кошанов мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шипажайлық емдеу мерзімдерін ұлғайтуды тапсырды

Қарағанды облысыны әкімі Ерлан Кошанов мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шипажайлық емдеу мерзімдерін созуды тапсырды. Қазір олар қала сыртындағы сауықтыру орталықтарында он күн табыла алады.
- Қарағанды облысынн мүгедектерді шипажайлық-курорттық емдеуге Шучинск қаласындағы «Алмаз» шипажайына 10 күнге бекітілген кестеге сәйкес бағытталады. Облыс тұрғындары кездесулерде, жеке қабылдау барысында шипажайлық-курорттық емдеу күндерінің санын ұлғайту мәселесін бірнеше рет көтерді, - деп мәлімдеді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асем Джунуспекова.
Оның айтуынша, Қазақстанның басқа өңірлерінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар шипажайда 12 күн бойы демала алады. Қарағандылықтар үшін қала сыртындағы емдеу мерзімдерін ұлғайту үшін бюджеттен қосымша 64 миллион теңге бөліну қажет. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қаржы басқармасына бюджет өтінімдерін бағыттады.
- Өзімнің орынбасарларыма және Қаржы басқармасына осы мәселені реттеуді және ерекше қажеттіліктерімен адамдарға арналған шиипажайлық-курорттық емдеу мерзімдерін ұлғайтуға қаражатты іздестіруді тапсырамын, - деп тапсырды Ерлан Кошанов.
Өңір басшысы жеке көмекшілер мен инватакси беру маңыздылығы туралы да атап өтті.
Жалпы Қарағанды облысынд дене мүмкіндіктері шектеулі 67 620 адам тұрады.