
Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Бексұлтан Шәріп Ахмад әл-Ферғани атындағы физика пәні бойынша халықаралық олимпиадада қола медальға ие болды. Онда әлемнің 20 елінен IPhO рейтингінде көш бастап тұрған 100-ден астам оқушы жарысты.

Физикадан халықаралық олимпиада Өзбекстанда өтті. Қазақстан құрамасы сегіз адамнан тұрды. Қазақстандықтар екі алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
Марапаттар қоржынындағы бір қола Қарағанды қаласының Н.Нұрмақов атындағы ММИ оқушысы Бексұлтан Шәріптің еншісінде. Оны олимпиадаға педагог Ерсін Әділбаев дайындаған.

– Бексұлтан физика пәнінен олимпиада құрамасына 7-сыныпта түсті. Біздің мектепте олимпиадаларға дайындық жүйесі бар. Өзбекстандағы Олимпиадада ол жоғары нәтиже көрсетті, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанды. Бұған дейін облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған. Біздің мақсатымыз – IPhO (international physics olympiad) физика пәні бойынша халықаралық олимпиадада жақсы нәтиже көрсету. Бексұлтан өзінің болашағын физикамен байланыстырғысы келеді. Ол сондай-ақ IT саласына қызығушылық танытады, – деді Ерсін Әділбаев.
