
Биыл Қарағанды облысының орман қоры аумағына 1724,79 мың дана көшет отырғызылды. Барлығы 445 га қамтылды, отырғызу 2021–2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру жоспары шеңберінде жүргізілді.
Бастапқыда 1,2 гектар жерге 430 миллион көшет отырғызу жоспарланған болатын, бірақ табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері бұл тапсырманы асыра орындады. Көктемде 224 га орман дақылдары отырғызылды, ал қазан айының соңында 221 га жерге күзгі отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Жаңа ағаштар – үйеңкі, шегіршін, қарағай, терек, қайың – аймақтағы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бес шаруашылықта пайда болды. Отырғызу материалы Қарағанды облысының тәлімбағынан алынды.
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша