
Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларының мәселелерін шешу үшін келісім комиссиясы жұмысқа кірісті. Оны өңір басшысы Жеңіс Қасымбек басқарды. Құрамына компания басшылығы, мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың және әр шахтаның бастамашыл жұмысшылар тобының өкілдері кірді.
– Қазір еңбек ұжымдарын толғандыратын бірқатар проблемалар алдыңғы қатарға шықты. Біз бастамашыл топпен бірге компания басшылығымен талқылағымыз келетін мәселелер тізімін жасадық, – деді «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев.
Ол 12 тармақтан тұратын сұрақтар тізімін атап өтті. Олардың арасында еңбекақыны арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шахталарды материалдық-техникалық жабдықтау және т. б. бар.
– Біз «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша маңызды әділ шешімдер қабылдауымыз керек. Біз бәріміз кәсіпорындарымыздың тұрақты және қауіпсіз жұмыс істегенін қалаймыз. Ең алдымен қызметкерлердің мүдделері ескерілуі тиіс, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.