Қарағандыда орган концерті өтеді

Қарағандыда орган концерті өтеді

Қарағандыда органшы Станислав Калинин өнер көрсетеді. Концерт 21 шілдеде Оңтүстік-Шығыстағы Мария Фатимскаяның католиктік Соборында болады. Басталуы 15.00-де. Кіруі тегін.
Станислав Калинин — украиналық солист-органшы, клавесиншы, пианиношы-концертмейстер, халықаралық конкурстар лауреаты. Харьков облыстық филармония солисты. Харьков Орган және Камералық музыка үйінің штаттық органшысы және көркемдік жетекшісі.
Ол Венгрия (Варпалота), Ресей (Мәскеу, Төменгі Новгород), Беларусия (Минск), Украинадағы (Киев, Львов, Харьков) халықаралық концерттерде үздік концертмейстер ретінде бірнеше рет дипломмен марапатталған болатын. С.Прокофьев атындағы Халықаралық конкурста «камералық-аспаптық ансамбль» номинациясы бойынша І дәрежелі сыйлығық иегері (Мариуполь, 2000), Байройт қаласындағы Вагнер фестивалінің стипендианты (Германия, 2002).
2005 жылдан бастап Станислав Калинин Харьковтағы жалғыз органшы болып табылады, ол айына 10-15 концерт береді, Харьков орган және камералық музыка үйіндегі репертурады толықғымен қамтамасыз етеді, «Харьков Бахиансы» Халықаралық фестивалін өткізуге қатысады.
Игорь Чернявскиймен (скрипка) бірге Станислав дуетте екі диск өнер көрсетті: «...Шек пен органда» және «Скрипка мен орган үшін Бахтың алты сонатасы». 2015 жылы музыкант гастрольмен АҚШ-та болып келді.
Концерт жайында қосымша ақпаратты келесі номер бойынша алуға болады: 8 700 139 95 64.