Қарағандыға Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығынан балалар онкологы келеді.
Мамандар үш күн бойы - 22, 23, 24 шілде күндері Облыстық клиникалық балалар ауруханасының консультативтік-диагностикалық емханасында тегін кеңестер өткізеді. Дәрігер құрылған кезек бойынша қабылдайтын болады. Балалар онкологына кіру үшін өзіңізбен бірге қажетті медициналық құжаттарды алып келіңіздер.
Толық ақпараттарды 8 (7212) 432125 нөмірі бойынша алуға болады.