Саран командасы триатлоннан халықаралық турнирге қатысты

Саран командасы триатлоннан халықаралық турнирге қатысты

Саран қаласының командасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен BI Group Ironman 70.3 Astanа атты триатлоннан халықаралық турнирге қатысты.
Команда құрамына Е. Оспанов, Д. Қайырбек, Д. Машенцев, Р. Тлеубеков (жеке старттарға қатысушылар), И. Сухой, А. Абдрахаманов, С. Медунцов, Д. Мальцев, Е. Айдарбеков (эстафеталық жарысқа қатысушылар) кірді. Олардың барлығы жақсы нәтиже көрсете алды.
Турнирге әлемнің 50 елінен 1400 адам қатысты, оның ішінде Рго санатындағы 20 атлет болды. Олардың қатарында атақты спортшылар, саясаткерлер мен кәсіпкерлер бар. Жарыс Есіл өзенінен екі шақырым қашықтыққа жүзуден басталды. Одан кейін 90 шақырым қашықтыққа жүгіруден және 21,1 шақырым қашықтыққа жүгіруден жарыс өтті. Турнирдің барлық бағытының ұзындығы 113 шақырымды құрады.
Pro санатының жеңімпазы болып Германиядан келген Нилс Фромхолд атанды. Ол үш сағат, 46 минут, сегіз секунд ішінде барлық қашықтықты бағындырды. Pro санатындағы әйелдер арасында Чехиялық Радка Калефелд жеңіске жетті. Олимпиада чемпионы, «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров қазақстандықтар арасында үздік деп танылды. Әуесқой әйелдер арасында бірінші орынды ресейлік Любовь Коровина иеленді.
Саранда соңғы жылдары триатлон белсенді дамып, танымал болып келеді. Қалада мамандандырылған секциялар жұмыс істейді, онда кез-келген адам бірден үш спорт түрі – жүгіру, жүзу, веложарыста жаттыға алады.